Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін білімі, эмоционалдық және әлеуметтік интеллектісі бар білікті мамандарды дайындау.
БІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІМІЗ
Жылдам өзгеретін әлемде бизнес арасындағы стратегиялық серіктестік жасау арқылы білім беру, кәсіби өсу және студенттердің өміршеңдігі үшін жағдай жасау болып табылады.
МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢДЕР
1
2005 / БАСТАУ
ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ НЕГІЗI ҚАЛАНДЫ.
2
2013 / ҚАЛЫПТАСУ
ИНДУСТРИЯЛАНДЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ.
Сол уақыт аралығында экономика, ТКШ, қонақ үй бизнесі саласында бiздiң 1850 мамандарымыз дайындалды.
3
2022 / ӨЗГЕРІСТЕР УАҚЫТЫ
КОЛЛЕДЖ АТАУЫ ЗАМАНУИ URBAN COLLEGE ДЕП АТАЛДЫ. ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАН-ЖАҚТЫ ӨМІРГЕ ЖАҚЫН КОЛЛЕДЖ. Әрдайым өзгерістерге жақын колледж бүгінгі күні түрлену үстінде.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ
URBAN COLLEGE-ДЕ
Ребрендинг
Әкімшілік және педагогикалық құрам 100% өзгерді.
Күрделі жөндеу жұмыстары және ортамыз визуалды жаңарды.
Колледжiмiзде жылы, жайлы және дәмді:
Асхана мен мәжіліс залы стандарттар бойынша жабдықталған.
Жылы су мен жылу газ қондырғысы арқылы қамтамасыз етілген.
Дуальды оқыту кәсіпорындар мен колледждер арасындағы тығыз ынтымақтастықта білікті жұмысшыларды дайындайды. Студенттер кәсiптi бiлiктi шебер маманмен жұмыс орнында үйренедi. Дуальды жүйе бірден екі мәселені шешеді - ол теориялық және практикалық оқытуды біріктіреді. Студенттер оқумен қатар таңдаған мамандығын тікелей жұмыс орнында меңгереді, яғни бірден екі жерде оқиды: аптасына 1−2 күн колледжде, қалған уақытта кәсіпорында.
ОЛ КӘСІПОРДАРҒА НЕ БЕРЕДІ
Бұл персоналды дәл «тапсырыс беру» бойынша оқыту мүмкіндігі, олардың сіздің барлық талаптарыңызға барынша сәйкес келуін қамтамасыз ету, қызметкерлерді іздеу және таңдау, қайта даярлау және бейімдеу шығындарын үнемдеу. Сонымен қатар, үздік студенттерді іріктеуге болады, өйткені үш жылда олардың барлық күшті және әлсіз жақтары көрінеді. Бұл әдіс студенттерді тек көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынталандырады. Жаңадан бастағандар бірден барынша қызығушылықпен және өнімділікпен жұмыс істей алады, олар кәсіпорынның өмірін жақсы біледі және онда өздерін үйдегідей сезінеді.
ОЛ ЖАСТАРҒА НЕ БЕРЕДІ
Жастар үшін бұл тәуелсіздікке ерте қол жеткізуге және ересек өмірге ауыртпалықсыз бейімделуге тамаша мүмкіндік. Оқыту кезінде олар кәсіпорындағы жұмысы үшін ақшалай сыйақы алады, ал оны аяқтағаннан кейін — олар жақсы шыңдалып, қалаған жұмысына орналасады.
Біздің колледж 2020 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесі бойынша балаларды оқытып келеді.
БIЗДIҢ СЕРІКТЕСТЕРІМIЗ
Открыт набор с 5 по 9 классы в URBAN SCHOOL!
URBAN SCHOOL больше, чем образование. Мы применяем новый подход к обучению и воспитываем уверенных, самостоятельных и ответственных граждан. Наша программа вдохновлена шведской моделью поддержки предпринимательства Ung Företagsamhet, которая ставит в центр волевой характер, критическое мышление и финансовую грамотность.
Узнать больше
Заключение о результатах государственной аттестации
Открыть
БАЙЛАНЫСТАРЫМЫЗ
+7 708 425 5412
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АСТАНА, ДАУЛЕТКЕРЕЙ КӨШЕСІ, 1